|
Мороз Светлана Павловна
Кафедра меңгерушісі, з.ғ.д., профессор, Каспий қоғамдық университетінің академиялық профессоры
1988-1989 жж. аль-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетін үздік бітірді. 1994 ж. «Қазақстан Республикасының пайдалы қазба концессиясына құқығы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 2005 ж. 12.00.03 мамандығы бойынша «Инвестициялық құқықтың теориялық мәселелері (азаматтық-құқықтық аспект)» тақырыбында заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған. Заң ғылымдарының докторы, профессор. «Жеке-құқық пәндері» кафедрасының меңгерушісі. 100-ден аса ғылыми және әдістемелік еңбектердің авторы. Ғылыми ізденім саласы – кәсіпкерлік және инвестициялық құқық.
Оқитын пәндері:
- Қазақстан Республикасының инвестициялық құқығы;
- Инвестициялық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері;
- Кәсіпкерлік құқық.
Сүлейменов Майдан Көнтуарұлы
З.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА академигі, Каспий қоғамдық университетінің академиялық профессоры
1963 ж. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді. 1982 ж. заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 300 аса ғылыми еңбектердің авторы, олардың 30 астамы ғылыми монографиялар, 17 нормативтік құқықтық актілер жинағы, сонымен қатар 15 халықаралық жеке құқық бойынша, 12 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы. Оның жетекшілік етуімен 6 ізденуші – докторлық диссертация, 35 ізденуші – кандидаттық диссертациялар қорғады. М.К. Сүлейменов докторлық диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңес Төрағасының орынбасары. Сүлейменов М.К. Дүниежүзілік банкі мен ЮСАИД «Коммерциялық заң» жобасының аясында нормативтік құқықтық актілер жобасын жасақтаудағы жұмысшы тобының, Азаматтық кодекс (Жалпы және Ерекше бөлімдері), жер туралы, мұнай туралы, жерқойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, тұрғын үй қатынастары туралы, банкроттық туралы, жылжымайтын мүлікті несиелендіру туралы, мемлекеттік кәсіпорындар туралы, өндірістік кооператив туралы, шаруашылық серіктестіктер туралы, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы, сақтандырулар туралы және т.б. Заңдар (Заң күші бар жарлықтардың) жобасын жасаудағы жұмыс топтарының, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасын жетілдіру Тұжырымдамасын жасаудағы жұмыс тобына жетекшілік етті. Сонымен М.К. Сүлейменов 70 аса нормативтік құқықтық актілерді жасауға қатысты. 40 жылдан аса ғылыми-педагогикалық өтілі бар.
Оқитын пәндері:
- Міндеттемелік құқық;
- Халықаралық жеке құқықтың өзекті мәселелері.
Ильясова Күләш Мұратқызы
З.ғ.д.., профессор, Каспий қоғамдық университетінің академиялық профессоры
1983 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді. 1984-1991 ж.ж. ҚарМУ азаматтық құқық кафедрасының доценті. 1991-1998 ж.ж. Х.А. Яссауи атындағы ХҚТУ азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының меңгерушісі. 1998 ж. қазіргі уақытқа дейін – ҚазМЗУ жеке құқық ҒЗИ аға ғылыми қызметкері. 1999-2007 жж. – «Әділет» Жоғарғы Құқық Мектебі заңтану Академиясы азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының доценті. 2005 ж. заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша Жеке құқық ҒЗИ өткізілген фундаментальды зерттеу тақырыптарын орындаушыларының бірі болып табылады, 15 аса ғылыми монографиялардың, 1 нормативтік құқық жинағының, 120 аса мақалалардың авторы. 5 аспирант және ғылыми дәреже алу үшін ізденушілердің жетекшісі болып табылады. Оның жетекшілігімен 10 ізденуші кандидаттық диссертация қорғап шықты. К.М. Ильясова докторлық диссертация қорғау жөніндегі Диссертациялық кеңестің мүшесі. Банкроттық жөніндегі, жылжымайтын мүлікке мемлекеттік тіркеу құқығы және олардың мәмілесі туралы Заңдардың, және де әрекеттегі заңдарға өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы бірқатар заңдардың негізгі жасақтаушысы. Ильясова К.М. Қазақстан Республикасының азаматтық заңын жетілдірудегі Тұжырымдаманы жасаушыларының бірі болып табылады. 2003-2004 ж.ж. Қазақстан Республикасының Әділет министрінің тапсырмасы бойынша К.М. Ильясованың қатысуымен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, оның әрекет ету кезінде 200 аса өзгеріс енгізілген, тұжырымдамасы жасақталды. К.М. Ильясованың педагогикалық өтілі 25 жылдан асады.
Оқитын пәндері:
- Жылжымайтын мүлікті тіркеу;
- Жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеу;
- Жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу мәселелері.
Диденко Анатолий Григорьевич
З.ғ.д., профессор, Каспий қоғамдық университетінің академиялық профессоры
1967 ж. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді, мамандығы – құқықтану. 1994 – 2007 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік заң академиясының азаматтық құқық кафедрасының меңгерушісі. 1971 ж. ҚазМУ арнайы кеңесінде «Шаруашылық келісім-шарттарды бұзумен күресудің азаматтық-құқықтық түрлері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1985 ж. Харьков заң институтының арнайы кеңесінде «Құрылыс мекемелерінің өздігінен оперативті-шаруашылығының азаматтық-құқықтық мәселелері» тақырыбында докторлық диссерациясын қорғады. 14 ғылым кандидаты дайындалған. Ғылыми басылымдарының жалпы саны – 250 асады. А.Н. Диденконың редакциялауымен: «Азаматтық заң: мақалалар, түсіндірмелер, тәжірибе» оқу құралының 29 басылымы, және «Азаматтық құқық (Жалпы бөлім) Дәрістер курсы» оқулығы жарық көрді. Педагогикалық өтілі – 30 жыл.
Оқитын пәндері:
- Рим құқығы;
- Міндеттемелікті қамтамасыз ету тәсілдері;
- Міндеттемелік құқық.
Черняков Андрей Андреевич
З.ғ.д., профессор, Каспий қоғамдық университетінің академиялық профессоры
1967 ж. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді. 1967-1968 жж. – тергеу аппаратында жұмыс атқарды. 1968-1971 жж. БҚО прокуратурасының прокурор көмекшісі. 1971 ж. – 1990 ж. дейін КСРО ІІМ Алматы арнайы мектебінің оқытушысы, 1990-1991 жж. Қарағанды ІІМ ЖМ оқытушысы. 1991-1997 жж. – ҚР Алматы ІІМ ЖМ оқытушысы. 1997 – 2007 жж. Аралығында «Әділет» Жоғары құқық мектебі Академиясының профессоры. 60-тан аса ғылыми және әдістемелік еңбектердің, оның ішінде 1 оқу құралының авторы. Ғылыми ізденім саласы – қаржы құқығы, халықаралық жария құқығы. Педагогикалық өтілі – 30 жылдан жоғары.
Оқитын пәндері:
- Халықаралық жария құқығы;
- Қаржы құқығы;
- Кеден құқығы;
- Салық құқығы.
Карагусов Фархад Сергеевич
З.ғ.д., профессор, Каспий қоғамдық университетінің академиялық профессоры
1988-1993 жж. – аль-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университеті. 1995 ж. ақпан айында Карагусов Ф.С. кандидаттық диссертациясын ойдағыдай қорғап шықты. 2001 ж. – 2002 ж. дейін ҚазМЗУ докторантурасының күндізгі бөлімін оқып бітірген соң, докторлық диссертациясын қорғау жарияланды. ҚР БҒМ Жоғарғы аттестациялау комитетінің 2006 ж. 21 сәуірдегі шешімімен заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. Ф.С. Карагусов 70 аса ғылыми еңбектердің авторы. 1998-1999 жж. «Қазақстан Республикасындағы азаматтық құқық» оқу құралын (1998 ж. жарық көрген, 1999 ж. толықтырылған басылым ретінде қайта шығарылған) және Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығына ғылыми-тәжірибелік түсіндірмелер дайындаудағы авторлық ұжым құрамында болды. 1998 ж. бастап – қазіргі уақытқа дейін ТМД елдерінің жеке құқық Кеңесі мен ТМД парламентаралық ассамблеясының эгидасы аясында Лейден (Нидерланды) және Бремен (ФРГ) университеттерінің қатысуымен ТМД елдері үшін бағалы қағаз нарығы туралы (1998-2002 жж.) және еңбек туралы (еңбек кодексі) (2001-2002 жж.) модельді заңдардың жобалары не (немесе) тұжырымдамаларын дайындаудағы халықаралық жұмыс топтарының құрамында; коммерциялық банкілердің банкроттығы және жағдайының келмеуі мәселелері бойынша Еуропралық банкіні реконструкциялау мен дамыту үшін сарапшы ретінде (2003 ж.). Қазіргі уақытта – ТМД елдері үшін акционерлік қоғам туралы модельді заңдарын жасақтау бойынша халықаралық жұмысшы тобының мүшесі; сонымен қатар Халықаралық валюта қоры үшін Азербайжандағы мемлекеттік құнды қағаздар нарғының құқықтық базасын жетілдіру мәселесі бойынша сарапшы. 2003 ж бастап – ҚазМЗУ жанындағы, сондай-ақ Каспий қоғамдық университеті жанындағы заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау бойынша диссертациялық кеңестердің мүшесі. Заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі үшін екі ізденушінің ғылыми жетекшісі.
Оқитын пәндері:
- Корпоративтік құқық;
- Бағалы қағаздар азаматтық құқықтың нысаны ретінде.
Базарбаев Бахит Базарбайұлы
З.ғ.к., доцент, Каспий қоғамдық университетінің академиялық профессоры
Алматы мемлекеттік заң институтын 1954 ж. бітірді. Москва қ. Мемлекет және құқық институтының Ғылыми кеңесінде 1961 ж. кандидаттық диссертациясын қорғады. Диссертация тақырыбы еңбек келісімі және басқа жұмысқа ауысуды құқықтық реттеу мәселелерімен байланысты. 50 аса еңбектердің авторы. Жұмысшы тобының құрамында Қазақ КСР еңбек туралы заң кодексінің (1970-1972 жж.) және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1993-1998 жж.) – заң актілерінің жобаларын жасақтауға қатысты. «Азаматтық құқық» – жалпы бөлім (1998 ж.) және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне Түсіндірмелер (1998 ж.) оқулықтарын дайындауда бірлескен автор ретінде қатысты. 60-90 жж. жарияланған азаматтық және отбасылық құқық бойынша оқу құралдарының бірлескен авторы болып табылады, сонымен қатар 1965, 1990, және 1998 жж. Азаматтық кодексіне түсіндірмелер жазуға және Неке және отбасы туралы кодексін дайындауға қатысты.
Оқитын пәндері:
- ҚР азаматтық құқығы (қаз.)
- Зияткерлік жекеменшік құқығы (қаз.)
Климкин Сергей Иванович
З.ғ.к., доцент, Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры
1992 ж. ҚазҰУ заң факультетін үздік белгімен бітірді. 1994 ж. ҚазМЗУ құрылған күнінен бастап азаматтық құқық кафедрасының оқытушысы. 1999 ж. «ҚР заңы бойынша өндірістік кооперативтің құқықтық жағдайы» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғап, 2001 ж. доцент ғылыми атағы берілді. Заң ғылымдарының кандидаты, «Жеке-құқық пәндері» кафедрасының ассоциациялы профессоры. 150 аса, оның ішінде 10 оқу құралдары бар, жариялымдардың (газеттерді қоса) авторы. ҚР БҒМ кешенді тест өткізу, және ЖОО тексеру жүргізу Өкілі ретінде жұмыстар атқарды. 1998 ж. – «Жер қойнауын пайдалану саласында заңды құқықты реттеу мәселелері» (Студенттердің жаратылыстану, техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдары бойынша ең үздік жұмысқа Республикалық конкурс) жұмысына ғылыми жетекшілігі үшін ҚР білім, мәдениет және денсаулық министрлігі Білім беру Комитетінің Мақтау қағазымен марапатталды. 1999 ж. – университеттің дамуына зор үлес қосқаны, ғылыми-педагогикалық қызметіндегі жетістіктері үшін және ҚазМЗУ құрылғанына 5 жыл толуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 2000 ж. – «1999-2000 оқу жылының ең үздік лекторы» ҚазМЗУ дипломы. 2000 ж. – талантты жас ғалымдар үшін мемлекеттік ғылыми стипендия лауреаты. 2002 ж. – «Жас ғалымдардың ең үздік монографиялық жұмысы үшін» ҚазМЗУ дипломы. 2004 ж. ҚазМЗУ құрылуының 10-жылдығына арналған медалімен марапатталды.
Оқитын пәндері:
- Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы (Жалпы және ерекше бөлімдер);
- Кәсіпкерлік құқық.
Күльтелеев Сағындық Таирұлы
З.ғ.к., доцент, Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры
1971 ж. бастап ҚазҰУ заң факультетінің ассистенті, аға оқытушы, доцент. 1981 ж. Москва қаласындағы КЗБҒЗИ кандидаттық диссертация қорғады, 1986 ж. доцент атағы берілді. 1994 ж. бастап кафедра меңгерушісі, 1997 ж. бастап экология және жер құқығы кафедрасының доценті. 1999-2001 жж. аралығында Орталық Азия университеті заң факультетінің деканы. 2011 ж. бастап Алматы заң академиясы экология, жер және аграрлық құқық кафедрасының доценті. 2004 ж. қаңтарынан бастап профессор академиялық атағы беріліп, еңбек, экологиялық құқық кафедрасының меңгерушілігін атқарды, 2006 ж. қазан айынан бастап Әділет Заңтану Академиясының еңбек, экологиялық құқық және азаматтық іс жүргізу кафедрасының профессоры. 80 жуық ғылыми және оқу-әдістемелік жариялымдары бар. Ғылыми ізденімі экология, жер және аграрлық құқық саласында. Педагогикалық өтілі – 40 жылдан асады.
Оқитын пәндері:
- Қазақстан Республикасының жер құқығы;
- Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы.
Шеретов Сергей Гордеевич
Т.ғ.к., доцент, Каспий қоғамдық университетінің профессоры
Екі жоғары білімі бар. 1981 ж. С.М. Киров атындағы ҚазҰУ «Тарих» мамандығы бойынша тарих факультетін үздік белгімен және Халықаралық Славян университетін «Заңтану» мамандығы бойынша бітіріп шықты. 80 ғылыми және әдістемелік еңбектердің, оның ішінде 11 оқу құралдарының авторы. Ғылыми ізденім саласы – адам құқығының халықаралық-құқықтық мәселелері, конституциялық құқықтың өзекті мәселелері.
Оқитын пәндері:
- Заңгердің кәсіби этикасы;
- Келіссөздер жүргізу.
Скрябин Сергей Васильевич
З.ғ.к., доцент, Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры
1994 ж. ҚазҰУ заң факультетін үздік белгімен бітірді. 1994 ж. маусымынан 1999 ж. мамырына дейін Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Институтының жалпықұқықтық пәндер кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарды. 1999 ж. маусымынан 2000 ж. қазанына дейін «Әділет» жоғары құқық мектебінің Ақтөбе қаласындағы Батыс-Қазақстан филиалының проректор-директоры. 2000 ж. қазанынан 2001 ж. қыркүйегіне дейін «Әділет» жоғары құқық мектебінің Астана қаласындағы Астаналық филиалының Ғылыми жұмыс жөніндегі проректордың көмекшісі, заң пәндері кафедрасының меңгерушісі. 2002 ж. маусымынан 2003 ж. тамызына дейін ҚазМЗУ Алматы заң академиясының сырттай оқу бөлімі факультетінің деканы қызметін атқарды. 2001 ж. қазанынан 2007 ж. дейін ҚазМЗУ азаматтық құқық кафедрасының доценті. 2007-2008 жж. Қазақстан Республикасы Заң институның директоры.
1999 ж. қаңтарында 12.00.03 мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады. 2001 ж. оған доцент ғылыми атағы берілді. Азаматтық құқық және мемлекет және құқық теориясы мәселелері жөніндегі 100 аса жариялымдар, сонымен қатар 2000 ж. жарық көрген «Қазақстан Республикасындағы жеке құқық» монографиясының авторы. Ғылыми-педагогикалық өтілі 10 жыл.
Оқитын пәндері:
- Азаматтық құқық;
- Заттық құқық.
Испаева Гульнар Бахытқызы
З.ғ.к., доцент, Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры
1980 ж. С.М. Киров атындағы ҚазМУ университетінің заң факультетінің 1 курсына оқуға түсті. 1983 ж. М.В. Ломоносов атындағы ММУ заң факультетіне ауыстырылды. 1986 ж. ММУ заң факультетін бітіріп, ҚазМУ заң факультетінің мемлекеттік құқық кафедрасының стажеры. 1989 ж. ММУ мемлекеттік құқық кафедрасының күндізгі бөлім аспирантурасына түсті. 1991 ж. шетелдердің мемлекеттік құқығы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады (КСРО ЖАК дипломы Юр № 005121 1991 ж. 28 маусым). Аспирантураны бітіргеннен кейін ҚазМУ жолдама беріліп, ҚазМУ халықаралық құқық кафедрасының ассистенті қызметіне тағайындалды. 1993 ж. Анкара Университетінің (Түрік Республикасы) докторантурасына жіберілді. 1997 ж. халықаралық жеке құқық мамандығы бойынша Туркияның құқық докторы дәрежесіне ие болды. Докторантураны бітіргеннен кейін ҚазМУ халықаралық құқық кафедрасында жұмыс атқарды. 1998 ж. доцент атағын алды. 2000 ж. Еуразия Университеті (Астана қ.) Құқық Институтының директоры қызметіне конкурстан өтті. 2002 ж. бастап ҚазМУ халықаралық құқық кафедрасында жұмыс істейді. Ресей мен Қазақстанның жетекші ғылыми басылымдарында мақалалары (5 жыл ішінде 10 жариялым) жарық көрді. Монография мен оқу құралын шығарды. Кембриджде (Англия) стажировка өткен.
Оқитын пәндері:
- Халықаралық жеке құқық.
Әкімбекова Саида Аминқызы
З.ғ.к., Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры
1996 ж. аль-Фараби атындағы ҚазҰМУ заң факультетін бітірді.
1996 ж.1999 ж. дейін ҚазГЗИ құқықтық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы. 1999 ж. мен 2000 ж. аралығында «Арлан-секьюрити» Күзет агенттігі ЖШС заң кеңесшісі. 2000 ж. - 2007 ж. дейін ҚазМЗА азаматтық құқық және іс жүргізу кафедрасы меңгерушісінің м.а. 2009 ж. қаңтарынан бастап тамызға дейін Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ саясаттану және құқық кафедрасының аға оқытушысы. 2009 ж. қыркүйегінен бастап Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры.
2002 ж. «Азаматтық іс жүргізудегі апелляциялық өндіріс» тақырыбында заң ғылымдары кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады, мамандығы – 12.00.03 – азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқық, отбасылық құқық, азаматтық іс жүргізу, халықаралық жеке құқық, арбитраждық іс жүргізу.
Педагогикалық өтілі – 10 жылдан аса. 20 аса ғылыми еңбектері жарияланған.
Оқитын пәндері:
- Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы;
- Атқарушылық өндіріс;
- Азаматтық іс жүргізудегі адвокат.
Нестерова Елена Викторовна
З.ғ.к., Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры
2000 ж. ҚазМЗА кәсіпкерлік-құқық факультетінде оқу курсын бітірді. 2000 ж. тамызында азаматтық құқық кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданды. 2005-2006 оқу жылдарында күндізгі оқу бөлімі үшін – азаматтық, рим, отбасы құқықтары пәндерінен дәрістер оқыды, тәжірибелік сабақтар және азаматтық құқық (жалпы және ерекше бөлімдер) бойынша СОӨЗ жүргізді, сырттай оқу бөлімі үшін – рим, отбасы, азаматтық құқық (жалпы бөлім) пәндерінен дәрістер оқыды, дипломдық жұмыстарға жетекшілік етті. Кафедра секциясы жұмысының тапсырмаларын орындауға белсене ат салысты. Күндізгі және сырттай оқу бөлімдері үшін азаматтық, отбасылық және рим құқықтары бойынша жұмыс бағдарламаларын құрады. 2006 ж. кандидаттық диссертация қорғады. Заң ғылымдарының кандидаты, доцент. Соңғы 3 жылдың ішінде 15 аса ғылыми еңбектері жарияланды (1 оқулық (қосымша автор), 6 оқу құралы). Ғылыми ізденім саласы – Азаматтық құқық, отбасылық құқық.
Оқитын пәндері:
- Қазақстан Республикасының отбасылық құқығы;
- Азаматтық заңды қолданудың теориясы мен тәжірибесі.
Дүйсенова Эльмира Оразғалиқызы
З.ғ.к., Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры
2003 ж. аль-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті бакалавриатының қазақ бөлімін, азаматтық-құқық мамандығы бойынша үздік дипломмен бітіріп шықты. 2003-2005 жж. – аль-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің Магистратурасының қазақ бөлімінің азаматтық-құқық мамандығы, Үздік белгідегі диплом 2006-2008 жж. аль-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің аспирантурасы. 2008 ж. қыркүйегінде кандидаттық диссертация қорғады.
ҚР Білім және ғылым министрінің Алғыс хаты, сондай-ақ аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, ҚазМЗУ, «Әділет» Жоғары құқық мектебі Заңтану академиясы, Абай атындағы ҚазҰПУ, Д.А. Қонаев атындағы Университеттің, ҚҚХҚИ республикалық және халықаралық конференцияларындағы жасаған ең үздік баяндамалары үшін Мақтау қағаздары бар. 2004-2005 жж. ҚР БҒМ ғылыми жұмыстардың Республикалық конкурсында ең үздік жұмысы үшін I және II дәрежелі дипломын алды. 2005 ж. ҚР БҒМ «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 10 жыл» арналған ғылыми жұмысы үшін 3 орын, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ «2006 ж. ең үздік жас ғалымы», «2008 ж. ең үздік жас ғалымы» байқау-конкурсындағы 1 орын үшін Дипломдары және т.б. 2003-2005 жж. Т.Күлтелеев атындағы және «Саят жолшы и партнеры» заң фирмасының стипендиаты.
2001-2002 жж. – аль-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттік заң клиникасының стажері. 2003-2004 жж. ҚР Парламент Сенатының стажері. 2005 ж. қыркүйегінен – 2009 ж. қыркүйегіне дейін аль-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультеті еңбек құқығы және азаматтық іс жүргізу кафедрасының оқытушысы, аға оқытушысы. 2009 ж. қыркүйегінен – Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры.
2009 ж. азаматтық істің соттығы мәселелеріне арналған, қазақ тілінде азаматтық іс жүргізу бойынша бірінші ғылыми басылым болып саналатын монографиясы жарық көрді. Барлық ғылыми жұмысы – 20 асады.
Оқитын пәндері:
- Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы (қаз);
- Азаматтық заңды қолданудың теориясы мен практикасы (қаз);
- Атқарушы өндіріс.
Нұртаева Гүлмира Львовна
З.ғ.к., Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры
2001 ж. Қазақ мемлекеттік заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірді. 2009 ж. 9 қыркүйегінде Қазақ мемлекеттік заң академиясы аспирантурасының сырттай оқу бөліміне қабылданды.
2005 ж. 5 қыркүйекте барлық кандидаттық емтихандарды өте үздік бағамен тапсырып, аспирантураны бітірді. 1998-2002 жж. Қазақстан Ақпараттық Технологиялар мен Басқару институтын экономика мамандығы бойынша сырттай оқып бітірді. 2005-2007 жж. Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетін психология мамандығы бойынша сырттай оқып бітірді.
2001 ж. маусымынан 2008 ж. желтоқсанына дейін «Алматыгаз», «Алматыинтергаз» «Абонентті есеп орталығы» ЖШС ЖАҚ заң бөлімінің заңгері болып жұмыс атқарды.
2008 ж. 29 сәуірінде «Қазақстан Республикасының заңы бойынша газбен қамтамасыз ету» тақырыбында заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғады, мамандығы – 12.00.03 – азаматтық құқық, кәсіпкерлік құқық, отбасылық құқық, азаматтық іс жүргізу, халықаралық жеке құқық, арбитражды іс жүргізу.
Оқитын пәндері:
- Энергетикалық құқық;
- Заттық құқық (қаз);
- Кәсіпкерлік құқық (қаз).
Галинская Юлия Валерьевна
З.ғ.к., Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры
2000 ж. Москва мемлекеттік әлеуметтік университетінің заң факультетін бітірді, мамандығы құқықтану. 2000-2002 жж. аралығында – Халықтар достығы институтында азаматтық құқық кафедрасының ассистенті. 2002-2004 жж. аралығында – Халықаралық бизнес университетінің «Кәсіпкерлік қызметті құқықтық қамтамасыз ету» пәнінің оқытушысы. 2004-2007 жж. – Алматы заң академиясының азаматтық құқық кафедрасының оқытушысы. 2005 ж. Алматы заңтану академиясы жанындағы Біліктілікті жетілдіру институтын бітірді. 2009 ж. «Қазақстан Республикасының заңы бойынша цессия институтының теориялық және тәжірибелік аспектілері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Соңғы үш жылда 20 ғылыми жұмысы жарияланған. Педагогикалық жұмыс өтілі – 10 жыл.
Оқитын пәндері:
- Міндеттемелік құқық;
- Рим құқығы.
Сарина Сәлима Әбдіқадірқызы
З.ғ.к., Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры
1996 ж. Қазақ мемлекеттік заң институтының кәісіпкерлік құқық факультетін бітірді.
1996 ж. тамызынан 1997 ж. қарашасына дейін – ҚР Әділет министрлігі жанындағы Заң ҒЗИ ғылыми қызметкері. 1997 ж. қарашасынан 2000 ж. қарашасына дейін – ҚР ҰҒА Мемлекет және құқық институтының ғылыми аспирантурасы. 2000 ж. қарашасынан 2001 ж. қарашасына дейін ҚазМЗА Мемлекет және құқық институтының сырттай оқу бөлімінің аспирантурасы. 2001 ж. қарашасынан 2005 ж. наурызына дейін «RAVEL» ЖШС заңгері. 2005 ж. наурызынан 2007 ж. ақпанына дейін ВТХ “International Group” ЖШС заң бөлімінің бастығы. 2007 ж. ақпанынан 2010 ж. тамызына дейін «СтройПроектТехСервис» ЖШС бас заңгері. 2010 ж. қыркүйегінен бастап Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры.
2010 ж. 5 наурызында «Халықаралық коммерциялық арбитражбен келіспеушіліктерді шешу» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады, ғылыми жетекшісі ҚР ҰҒА академигі, з.ғ.д., профессор Сүлейменов М.К.
Ғылыми еңбектерінің жалпы саны – 20 асады.
Оқитын пәндері:
- Халықаралық жеке құқық;
- Кәсіпкерлік құқық.
Тлегенова Фатима Айдарқызы
Доцент, Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры
1976 ж. ҚазҰУ заң факультетін бітіргеннен кейін, ҚазҰУ еңбек құқығы және азаматтық іс жүргізу кафедрасында қалдырылғаннан бері, онда 1997 ж. дейін жұмыс істеді. 1997 ж. – 2001 ж. дейін ҚазМЗА азаматтық іс жүргізу кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. 2002 ж. – 2004 ж. дейін ҚазЕӘҚА азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы. 1994-1998 жж. аралығында МАБ жазуға қатысты. 2005 ж. – ҚазМЗА жанындағы БЖИ біліктілікті жетілдіру курсында оқумен қатар сол институттың дәріскері болды. 2006 ж. ЮСАИД-тың Жоғарғы Сот эгидасымен жүргізілген семинар жұмысына қатысты, оның мақсаты ҚР судья корпусының көмегімен қылмыстық құқық бұзылу салдарынан Моральдық зиянның орнын толтыру өлшемі мен белгілерін табу. Семинардың нәтижесі бойынша судьялар үшін «Қылмыстық құқық бұзылу нәтижесінен болған моральдық зияндықты анықтау мен өлшемін есептеу» атты оқу құралы шығарылды (8 б.т.). ҚР Конститутциялық Кеңесі үшін А.Г. Диденко, Б.Б. Базарбаев, Е.В. Нестеровалармен бірге авторлар құрамында ҚР «Нотариат туралы» Заңының 15 бабының 3 т. Конституциялық емес деп тану туралы қорытынды дайындалды. 20 аса ғылыми мақалалары жазылды.
Оқитын пәндері:
- Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы;
- Третейлік сот.
Кішкенебаев Лиман Оразаұлы
Каспий қоғамдық университетінің ассоциациялы профессоры
1972 ж. ҚазҰУ заң факультетін бітірді, мамандығы Құқықтану. 1972 ж. – 2099 жж. аралығында ұстаздық жұмыста – ассистент, ҚазҰУ еңбек құқығы және азаматтық іс жүргізу кафедрасының аға оқытушысы. 2010 ж. бастап – КҚУ жеке-құқық пәндер кафедрасының ассоциациялы профессоры.
10-нан аса ғылыми еңбегі жарық көрген (оның ішінде 3 оқу құралы).
Оқитын пәндері:
- Еңбек құқығы;
- Еңбек құқығы (қаз).
- Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы;
- Әлеуметтік қамсыздандыру құқығы (қаз).
Садырова Сахибам Нұрмағамбетқызы
Заңтану магистрі, Каспий қоғамдық университетінің сеньор-лекторы
1999 ж. «Құқықтану» мамандығы бойынша ҚазМЗУ бітірді. 2001 ж. – аль-Фараби атындағы ҚазҰУ азаматтық-құқық мамандығы бойынша магистратурасы. 2005 ж. Қазақстан-Ресей институтына заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы қызметіне қабылданды. Халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысты. Барлығы 6 мақаласы (3 оқу-әдістемелік құралы) жарық көрді. Құқық магистрі. Педагогикалық өтілі – 7 жыл.
Оқитын пәндері:
- Сақтандыру құқығы;
- Тұрғын үй құқығы.
Гайдаш Аркадий Валерьевич
Каспий қоғамдық университетінің сеньор-лекторы
2000 ж. Қостанай мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді. 2000 ж. – 2004 ж. дейін Екатеринбург қ. Урал мемлекеттік заң академиясында оқыды. Азаматтық құқық кафедрасы күндізгі оқу бөлімінің аспиранты. 2000-2004 жж. аралығында УрМЗА азаматтық құқық кафедрасының оқытушысы. 2002-2004 жж. «Ресей заң журналы» редакциясының жауапты хатшысы. 2006-2007 жж. Алматы қ. ҚазМЗУ азаматтық құқық кафедрасының оқытушысы. 2007 ж. – осы уақытқа дейін КҚУ ЖҚП кафедрасының сеньор-лекторы. Оқытушылық қызмет өтілі – 8 жыл.
Оқитын пәндері:
- Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері;
- Кәсіпкерлік құқық;
- Корпоративтік құқық;
- Мұрагерлік құқық.
Тулин Дәурен Серікұлы
Каспий қоғамдық университетінің сеньор-лекторы
2003 ж. ҚазМЗУ заң факультетін бітірді. 2003-2006 жж. – ҚазМЗА аспирантурасының күндізгі бөлімін оқып бітірді. 2006 ж. бастап Әділет Заңтану Академиясы азаматтық құқық кафедрасының оқытушысы. 2007 ж. бастап КҚУ ЖҚП кафедрасының оқытушысы.
Оқитын пәндері:
- Зияткерлік меншік құқығы.
Насыров Ренат Сайдахметович
Заң магистрі, Каспий қоғамдық университетінің сеньор-лекторы
2004 ж. Алматы қ. Қазақстан-Ресей институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірді. 2004 ж. – 2008 ж. дейін Алматы қ. Қазақстан-Ресей институты заң пәндері кафедрасының оқытушысы қызметін атқарды. 2008 ж. Каспий қоғамдық университеті жанындағы «Әділет» заңтану академиясының магистратурасын «Заңтану» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты. 2008 ж. бастап КҚУ ЖҚП кафедрасының оқытушысы.
Оқитын пәндері:
- Кәсіпкерлік құқық;
- Жер қойнауын пайдалануды құқықтық реттеу құқығы;
- Жылжымайтын мүлікті тіркеу құқығының мәселелері;
- Инвестициялық құқық;
- Инвестициялық қатынастардың азаматтық-құқықтық реттеу мәселелері.
Get the Flash Player to see this player.
6666 999.
КҚУ көктемі!
КҚУ көктемі!
КҚУ көктемі!
КҚУ көктемі!
Image 5 Title